ӘЧ-2021. Махмұд Сабырхан бразилиялық боксшыға мықтылығын мойындатты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
ӘЧ-2021. Махмұд Сабырхан бразилиялық боксшыға мықтылығын мойындатты
Фото ©️ olympic.kz

Жас талантты боксшы Махмұд Сабырхан қазақ жанкүйерлерін кезекті жеңісімен қуантты. Отандасымыз ширек финалда бразилиялық боксшы Майкл Трининдадқа мықтылығын мойындатты.

БӨЛІСУ

54 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте қазақ боксшысы айқын басымдық байқатты. Шабуылдап та, қорғана жүріп те қырағылығымен көзге түсті. Төрешілер бір ауыздан отандасымызды жеңімпаз деп таныды. Есеп – 5:0.

Айта кетейік, осыған дейін қазақ боксшылары арасынан бірінші болып Теміртас Жүсіпов (48 кило) жартылай финалға шыққан болатын.