![Қазақ балуаны Нұрғожа Қайпанов әлем чемпионатында күміс алды](/userdata/news/news_58831/image_l.png)
Қазақ балуаны Нұрғожа Қайпанов күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіліс тапты.
БӨЛІСУ
70 килода белдесетін Нұрғожа Қайпанов жартылай финалда ирандық балуан Йонес Эмамичогайды 7:6 есебімен жеңген болатын. Ал финалда ресейлік Давид Баевқа 14:2 есебімен есе жіберді.
Ал 74 кило салмақ дәрежесінде Данияр Қайсанов жұбаныш белдесуіне француз балуаны Зелимхан Хаджиевтен ұтылды.