"Барыс" Астанада "Спартактан" ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Барыс" Астанада "Спартактан" ұтылды
Фото ©️ vesti.kz

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыс" Астанада Мәскеудің "Спартак" клубынан ұтылды. Ойында 3:0 есебімен ұтып тұрып, қарсыластарына есе жіберіп алды.

БӨЛІСУ

Ойын басталысымен "Барыс" алға шықты. Виктор Сведберг команданың маусымдағы ең жылдам шайбасын соқты. Небәрі 29 секундта есеп ашты. Кезекті шайбаларды Мэтт Фрэттин мен Андре Петерсон өз еншілеріне жазып, елордалық команда 3:0 есебімен алға озды. Алайда бірінші кезең аяқталғанша мәскеулік клуб 2 шайба соғып, нәтижені қысқарта білді.

Екінші кезеңде "Спартактың" шабуылы ширақ болды. Үш бірдей шайба соғып, есепте алға озды. "Барыс" сапынан Антон Сагадеев шайба авторы болып, есепті теңестірген. 36 минутта қазақстандық клубтың қақпашысы Доминик Граховина жоқ жерден шалынып, қарсылас команда ойыншысының шайба соғуына мүмкіндік жасады. Бұл шайба "Спартакқа" жеңіс сыйлады.

"Барыс" осы маусымда 3:0 есебімен ұтып тұрып үшінші рет жеңісті уысынан шығарды. Қыркүйекте "Торпедоны" дәл осылай тұрып, овертаймда ұтылған болатын. Ал желтоқсанда "Авангардқа" ойын соңындағы пенальтиде есе жіберген еді.

Елордалық команда келесі ойынын 17 қаңтар күні Астанада "Салават Юлаевқа" қарсы өткізеді.