Головкинмен бірге жаттығатын қазақстандық боксшы мансабында алғаш рет жеңілді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Головкинмен бірге жаттығатын қазақстандық боксшы мансабында алғаш рет жеңілді
Фото ©️ Геннадий GGG Головкин (vk.com), vesti.kz

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты. Отандасымыз мексикалық боксшы Пабло Сезар Каноға есе жіберді.

БӨЛІСУ

25 жастағы қазақстандық боксшы Golden Boy промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасты. Hard Rock қонақүйінде өткен кездесуден ESPN арнасы көрсетілім таратты.

Бесінші раундта Пабло Сезар Каноның қабақ тұсы жарылып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде 10 раундқа жоспарланған шаршы алаңдағы шайқас бел ортасында тоқтатылды. 5 раундтағы ұпайлар нәтижесі бойынша төрешілер мексикалық боксшыны жеңімпаз деп таныды.

Руслан Мәдиев осыған дейін өткізген 12 жекпе-жегінде де жеңіске жеткен боксшы. Оның 5-де қарсыласын нокаутпен ұтқан. Бұл - оның кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі. Ол - GGG Promotions құрамындағы боксшылардың бірі. Русланды да Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес жаттықтырады.