XVIII жазғы Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
XVIII жазғы Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар
Фото ©️ olympic.kz

Бүгін XVIII жазғы Азия ойындары өз мәресіне жетеді. Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өткен жарыста қазақ спортшылары 15 алтын 17 күміс 4 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 9-орын алды. Ал назарларыңызға жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұсынамыз.

БӨЛІСУ

Алтын медаль иегерлері:

Велоспорт (екі алтын): 
Алексей Луценко - 150 шақырымдық топтық жарыс және 40 шақырымдық жекелей жарыс;

Байдарка және каноэмен ескек есу (екі алтын):
Илья Голендов, Алексей Дергунов, Сергей Токарницкий және Евгений Алексеев - байдаркамен 500 метрлік жарыс;
Инна Клинова - 200 метр;

Джиу-джитсу (екі алтын): 
Дархан Нортаев (62 кг), Руслан Исраилов (77 кг); 

Самбо (екі алтын): 
Бағлан Ибрагим (52 кг), Ділдаш Құрышбаева (58 кг); 

Көркем гимнастика (екі алтын):
Даяна Әбдірбекова, Алина Адильханова және Адиля Тлекенова - командалық жарыс
Алина Адильханова - жекелей сайыс; 

Су добы (бір алтын): 
Қазақстанның ерлер құрамасы - Евгений Медведев, Мирас Әубәкіров, Роман Пилипенко, Юлиан Вердеш, Павел Липилин, Равиль Манафов, Михаил Рудай, Рустам Укуманов, Мұрат Шәкенов, Валерий Шлемов, Шмидер Алексей, Руслан Ахметов және Алтай Алтаев

Дзюдо (бір алтын):
Дидар Хамза (81 кг);

Карате (бір алтын): 
Гузалия Гафурова (68 кг);

Жеңіл атлетика (бір алтын):
Ольга Рыпакова - үш қарғып секіру; 

Семсерлесу (бір алтын): 
Дмитрий Алексанин - семсерлесу; 

Күміс жүлдегерлер: 

Байдарка және каноэде ескек есу: (төрт күміс):
Сергей Токарницкий - 200 метрге жарыс;
Илья Голендов және Андрей Ергучев - байдаркамен 1000 метрге жарыс; 
Сергей және Тимофей Емельяновтар - 200 метрге жарыс; 
Инна Климина, Ирина Подойникова, Зоя Ананченко және Виктория Копьева - 500 метрге жарыс;

Бокс (екі күміс):
Асланбек Шымбергенов (69 кг) және Әбілхан Аманқұл (75 кг);

Еркін күрес (екі күміс): 
Данияр Қайсанов (74 кг) және Жұлдыз Ешімова (53 кг); 

Грек-рим күресі (екі күміс): 
Алмат Кебіспаев (67 кг) және Нұрмахан Тыналиев (130 кг); 

Су добы (бір күміс):
Қазақстан әйелдер құрамасы - Айжан Ақылбаева, Ажар Әлібаева, Шахзода Мансурова, Анастасия Миршина, Анастасия Мураталиева, Замира Мырзбекова, Анна Новикова, Сивиля Райтер, Дарья Рога, Оксана Сайчук, Анна Турова, Анастасия Еремина и Александра Жаркимбаева;

Дзюдо (бір күміс):
Қазақстанның аралас құрамасы - Севара Нышанбаева, Иоланта Бердыбекова, Зере Бектасқызы, Зарина Раифова, Гульжан Исанова, Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев, Ерасыл Қажыбаев, Дидар Хамза, Санжар Жабборов және Елдос Жұмақанов

Карате (бір күміс):
Дидар Әмірәлі (67 кг); 

Жеңіл атлетика (бір күміс):
Маргарита Мұқашева - 800 метрге жүгіру; 

Таеквондо (бір күміс):
Жансель Дениз (67 кг); 

Теннис (бір күміс): 
Александр Бублик және Денис Евсеев - ерлер жұбы; 

Триатлон (бір күміс):
Аян Бейсенбаев;

Қола жүлдегерлер:

Жеңіл атлетика (бес қола):
Сергей Иванов - Ядро лақтыру; 
Элина Михина - 400 метрге жүгіру; 
Надежда Дубовицкая - биікке секіру; 
Виктория Зябкина, Элина Михина, Светлана Голендова және Ольга Сафронова - әйелдер эстафетасы - төрт адам 100 метрден; 
Светлана Голендова, Дмитрий Коблов, Элина Михина және Михаил Литвин - аралас эстафета - төрт адам 400 метрден; 

Суда жүзу (төрт қола):
Дмитрий Баландин - 50 және 100 метр брасс әдісімен; 
Әділбек Мусин - 50 метр баттерфляй әдісімен;
Кешенді жүзуден Қазақстан ерлер құрамасы - Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай және Александр Варакин;

Таеквондо (төрт қола): 
Ерасыл Қайырбек (68 кг), Нұрлан Мырзабаев (80 кг), Руслан Жаппаров (80 кг), Фариза Алдоңғарова (53 кг);

Еркін күрес (үш қола):
Саятбек Оқасов (65 кг), Әділет Давлумбаев (86 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг);

Грек-рим күресі (үш қола):
Мейрамбек Айнағұлов (60 кг), Азамат Құстыбаев (87 кг) және Ерұлан Ысқақов (+87 кг);

Джиу-джитсу (үш қола):
Нұржан Сейдуәлі (56 кг), Нартай Қажеков (69 кг) және Ризат Махашев (94 кг); 

Дзюдо (үш қола):
Елдос Жұмақанов (66 кг), Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) және Гүлжан Исанова (+78 кг);

Самбо (үш қола):
Бейімбет Қанжанов (52 кг), Әлібек Зекенов (90 кг) және Айжан Жылқыбаева (48 кг); 

Тректегі велоспорт (екі қола):
Артем Захаров - 4000 метрге жекелей жарыс және омниум;

Теннис (екі қола):
Гозаль Айнитдинова мен Анна Данилина - әйелдер жұбы;
Анна Данилина мен Александр Недовесов - аралас жұп;

Семсерлесу (екі қола):
Командалық шпагадан Қазақстан ерлер құрамасы - Руслан Кұрбанов, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Алексанин және Вадим Шарлаимов;
Командалық қылышпен семсерлесу бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы - Тамара Почекутова, Айбике Хабибуллина, Татьяна Приходько және Әйгерім Сарыбай

Академиялық ескек есу (бір қола):
Александра Опачанова - жекелей жарыс;

Байдарка жіне каноэде ескек есу (бір қола):
Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров - 200 метрге жарыс

Есу слаломы (бір қола):
Александр Куликов;

Карате (бір қола):
Данияр Юлдашев (84 кг);

Кураш (бір қола):
Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг);

Маунтинбайк (бір қола):
Кирилл Казанцев;

Батутта секіру (бір қола):
Пирмаммад Әлиев;

Регби-7 (бір қола): 
Қазақстан әйелдер құрамасы - Анна Яковлева, Людмила Коротких, Балжан Қойшыбаева, Құндызай Бақтыбаева, Нигора Нурматова, Олеся Теряева, Светлана Ключникова, Вероника Степанюга, Дарья Ткачева, Карина Проскурина, Ева Беккер, Влада Однолеток;

Синхронды жүзу (бір қола):
Александра және Екатерина Немичтер - дуэт;

Стенд ату (бір қола):
Мария Дмитриенко - дабл-трап;

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Төрт жылда бір рет өтетін додада еліміздің спортшылары жалпы есепте үздік бестіктен шықпаған. Алайда биылғы нәтижеміз осыған дейінгі көрсеткішімізден төмен. Күрес түрлері мен бокстан бірде-бір алтын медаль бұйырмады.