Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді
Фото ©️ vesti.kz

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Кардиффте өткен бокс кешінде отандасымыз мажар боксшысы Габор Кирайды жеңді.

БӨЛІСУ

Жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылды. Алғашқы сәттерден бастап-ақ басымдықты ұстаған Данияр соңғы сәттерге дейін қарсыласын қыспаққа алумен болды. Бесінші раунд аяқталар тұста отандасымыздың қабағы жарылып, жарақат алды. Жарақаты жекпе-жекті жалғастыруына кедергі болған жоқ. 6 жыл ішінде 35 жекпе-жек өткізген Габор да шыдап бақты. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша отандасымыз айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты. 7 маусымда Лондонда Золтан Шабоны ұпай айырмасымен жеңді.