Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Астанада өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде Нұрсұлтан Жаңабаев бразилиялық боксшы Алекс Сандро Дуартэні бірінші раундта-ақ нокаутпен ұтып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Жекпе-жек басталысымен-ақ Нұрсұлтан қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді. Раунд аяқталар тұста бразилиялықтың қауқарын көрген төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Нұрсұлтанның алдында жекпе-жекке шыққан Али Ахмедов америкалық Джастин Томасты айқын жеңіп шықты. Ал оған дейін Мейірім Нұрсұлтанов, Димаш Ниязов пен Айдос Ербосынұлы да қарсыластарын жеңген еді.

Айта кетейік, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук жұдырықтасады.