Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров спорттық мансабындағы 20-шы жеңісіне қол жеткізді. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз ганалық Айсек Ариені төртінші раундта жеңді.
Жекпе-жекті қос боксшы аса сақ бастады. Жаттықтырушылар тапсырмасы солай болса керек-ті. Бір-бірінің аңдысын күтті. Екінші раундтан бастап Жанқош шабуылға шыға бастады. Бірнеше соққыларын дөп тигізіп, қарсыласын қыспаққа ала білді. Ал үшінші раундтан бастап отандасымыз бірінші нөмірмен жұдырықтасуға көшті. Қарсыласын бұрыштан-бұрышқа қуып, қыспаққа ала бастады.
Төртінші раундта Айсек Арие екі рет нокдаун алып, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Айта кетейік, қос боксшының салмағы 66 келі болған еді.