Қазақстандық 6 боксшы студенттер арасындағы ӘЧ-нің жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық 6 боксшы студенттер арасындағы ӘЧ-нің жартылай финалына шықты
Фото ©️ vesti.kz

Бұл күндері Таиландта бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты өтуде. Қазақстандық 6 боксшы доданың жартылай финалына шықты. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Ширек финалда 69 келіге дейінгі салмақта Бекболат Құрамысов тай боксшысы Бунжонг Синсириді жеңді. Ал 60 келіге дейінгі салмақта Дидар Өтелбаев та тай боксшысы Тхив Джантхакумпадан 2:1 есебімен басым түсті.

Осыған дейін жартылай финалға Нұрсұлтан Аманжолов, Ертұрған Зейнулинов (-56 келі), Али Ахмедов (-81 келі) пен Рахат Маржықбаев (-75 келі) шыққан болатын.

Қыздар арасында 51 келіге дейінгі салмақта Балауса Мұздиман ресейлік Светлана Солуяноваға есе жіберіп, жарысты аяқтады. Ал 64 келіге дейінгі салмақта Ержан Ордабаев төрешілер шешімімен украиналық Мгер Оганесянға жол берді.

Жартылай финалдық алғашқы жекпе-жектер бүгін өтеді.