4-7 жылға сотталады: Бас прокуратура қыз алып қашқандарға қандай жаза барын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Гүлнара Досымшалова>
4-7 жылға сотталады: Бас прокуратура қыз алып қашқандарға қандай жаза барын айтты

ҚР Бас прокуратурасы қыз алып қашқан жағдайда қандай жаза қарастырылғанын айтты, - деп хабарлайды ktk.kz.

БӨЛІСУ

Телеарна мәліметінше, келісім бермеген қызды еркінен тыс алып қашу, күштеп ұстау, басқа жерге апару бұл ауыр қылмыс.

"Келісім бермеген қызды еркінен тыс алып қашу Қылмыстық кодекстің 125-бабы - адам ұрлау бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал егер кәмелетке толмаған қызды ұрласа, бұл жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін және мүлкі тәркіленеді", - деп мәлім етті Бас прокуратурадан.

 Сондай-ақ, топ болып алып қашса, жәбірленушіні абайсызда өлтіріп алса немесе басқа ауыр жағдайларға әкеп соқса ауыр жаза қолданылуы мүмкін.