Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бес орынға жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бес орынға жоғарылады
Фото ©️ eurosport.ru

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) мамыр айындағы жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы бес саты жоғарылап, 112-орынға тұрақтады.

БӨЛІСУ

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында аздаған өзгерістер орын алды.Көш басындағы Аргентина мен екінші орындағы Бельгия құрамалары өз орындарын сақтап қалды. Ал үздік үштікке Колумбия құрамасы кірді. Германия төртінші орынға көтерілсе, керісінше Чили құрамасы бесінші орынға сырғыды.

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Руанда ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 16 саты төмендеп, 103-орынға тұрақтаған. Мамыр айындағы рейтингтің үздік көрсеткішін Мадагаскар құрамасы еншіледі. Олар 29 саты жоғарылап, 108-орынға табан тіреген.

Шілдеде жарияланатын маусым айының рейтингінде көптеген өзгерістер орын алары сөзсіз. Еуропа чемпионаты мен Америка кубогы ойындары ұлттық құрамалардың нағыз додасы болмақ. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы 7 маусым Қытай құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Аспан асты елінің Далянь қаласында өтетін ойынды «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.