Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан Азия мен мұхиттық елдер арасындағы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Абылайхан Жүсіпов финалға шықты. Сондай-ақ, осы жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.
64 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов жарысты бірінші кезеңнен бастаған болатын. Алғашқы жекпе-жегін үндістандық боксшы Манож Кумарға қарсы өткізіп, айқын басымдықпен ұтты. Екінші кездесуін осы салмақтағы үздік боксшы саналған оңтүстік кореялық Хунчул Лимді ұтса, жартылай финал үшін өткен жекпе-жекте аустралиялық Дэвид Бидллді 3:0 (30:25, 30:26, 30:27) есебімен жеңді. Ал жартылай финалда қытайлық Цянксун Худі жеңіп, Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алды.
19 жастағы отандасымыз финалда Чинзориг Баатарсух (Моңғолия) пен Ермек Сакенов (Қырғызстан) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов бокстан Қазақстан құрамасына бесінші жолдаманы сыйлап отыр. Осыған дейін Рио жолдамасына Біржан Жақыпов, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов пен Василий Левит ие болған еді.