Бүгін еліміздегі барша футбол қауымы Қазақстан футболы күнін атап өтуде. ҚФФ барша жанкүйерлерді атаулы мерекемен құттықтады.
2002 жылы 25 сәуірде Стокгольмде өткен УЕФА-ның 26-шы конгресінде Қазақстан Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағына (УЕФА) ресми түрде қабылданды. Дәл осы күні отандық футболдың тарихында жаңа белестер басталды.
Отандық футбол Еуропа турнирлерінде айтарлықтай жетістіктерге жетіп, өз позициясын нығайтып келеді. Біздің футболды жаңа биіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз және оны сіздермен бірге ғана бағындырамыз.
Барша футбол қауымын осы ерекше мерекемен құттықтаймыз! Футболды дамытуға демеу болып жүрген жандар мен жанкүйерлерге, футболшылар мен бапкерлерге, мамандар мен ардагерлерге, демеушілер мен серіктестерге, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне алғыс айтамыз, - деп жазды ресми хабарламада.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA рейтингінде 103-орында тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!