2022-ші жылғы Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатына АҚШ жаңа бапкермен баруы әбден мүмкін. Себебі Хосеп Гвардиолаға осы елдің басшылығы бас бапкер болып тағайындалу туралы ұсыныс тастап отыр. Бұл мүмкіндікке Пептің оң жауап беретініне АҚШ-тың футбол федерациясы үміттенуде. Себебі «Барселона» командасынан кеткеннен кейін Гвардиола өзінің отбасын Нью – Йорк қаласына көшірген болатын. Бапкердің «Бавариямен» жасасқан келісімі 2016 жылы аяқталcа, АҚШ құрамасының тізгінін ұстап отырған Юрген Клинсманмен арадағы келісімшарт 2018 жылы тәмамдалады.
БӨЛІСУ
Дайындаған: Бауыржан Жақсымбет
Сурет: sport.nur.kz