Әлемде жыл сайын 800-ден астам марафон ұйымдастырылады екен. Ал күні кеше 6 бірдей айтулы марафон өтті. Соның бірі – Алматы қаласында ұйымдастырылған спорттық шара.
Жетінші рет жалауын желбіреткен "Алматы марафонының" қорытындысы бүгін жарияланды. Ал жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар кеше марапатталған болатын.
Биылғы "Алматы марафонына" 14 мыңнан астам адам қатысты. Тіркелуден түскен 17 миллионға жуық теңге қайырымдылық мақсатта жұмсалады.
Күні кеше Алматы марафонынан өзге Лондон, Мадрид, Вена, Варшава мен Цюрих қалаларында да жүгіру жарысы өтті. Ең үздік нәтижелер Virgin Money London Marathon-да тіркелді. World Marathon Majors лигасындағы марафонға әлемнің кіл мықты желаяқтары қатысты.
22 cәуір күні өткен марафондардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері