ОҚО мен Ақмола облысы ҚБФ турнирін жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
ОҚО мен Ақмола облысы ҚБФ турнирін жеңіспен бастады

Бокстан бүгін басталған Қазақстан бокс федерациясының кубогы турнирін Алматы қаласының боксшыларымен қатар ОҚО мен Ақмола облысы былғары қолғап шеберлері де сәтті бастады. Бұл туралы ҚБФ ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Щучиньскі қаласында өтіп жатқан «С» тобында Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қызылорда облыстарының боксшылары сынға түсуде. Жаңа ғана аяқталған бірінші күндегі жекпе-жектерде Ақмола облысының боксшылары Қызылорда өңірінің былғары қолғап шеберлерін 7:3 есебімен басым түсті. Ал екі рет финалға жетіп жығылған ОҚО Қостанайдан келген боксшыларды ойсырата жеңді. Жеңіл салмақтарда (49 және 52 келі) қостанайлықтар қатарынан қарсылас рингке шықпаса, үш кездесу ұпай көрсеткішімен, ал қалған бес жекпе-жек техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын аяқталды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz