Бүгін бокстан ҚБФ кубогы турнирі басталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Бүгін бокстан ҚБФ кубогы турнирі басталды

Бүгін Алматы мен Щучинскіде (Ақмола облысы) бокстан Қазақстан бокс федерациясының кубогы турнирі басталды. ҚБФ президенті Тимур Құлыбаевтың қолдауымен бастау алған өңіраралық командалық жарыс биыл бесінші рет өткелі отыр.

БӨЛІСУ

Жанкүйерлер мен спортшылар арасында жылдан-жылға танылып келе жатқан турнирдің биылғы жылғы жүлде қоры молайып отыр. Топ жарған жеңімпаз команда 25 миллион теңгені иеленетін болды. Ал доданың жеребе тастау рәсімі 23 мамыр күні өткен болатын. Қорытындысында төмендегідей топтарға бөлінген-ді.

«А» тобы

Маңғыстау облысы

Павлодар облысы

Алматы қаласы

«В» тобы

Астана қаласы

Жамбыл облысы

Батыс қазақстан облысы

«С» тобы

Ақмола облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

«D» тобы

Қарағанды облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

«А» және «С» топтарының кездесулері бүгін басталды. Тиісінше Алматы мен Щучинск қалаларында өтуде. Бұл топтардағы бокс жекпе-жектері 3 тамызға дейін созылады. Ал «В» мен «D» топтарындағы кездесулер 8-10 тамыз аралығында Орал мен Қарағандыда жалғасады. Дәстүрлі түрде жартылай және финалдық кездесулер 14-15 тамыз күндері Астана қаласында өтеді. Осыған дейін төрт ұйымдастырылған турнирде Астана боксшылары (2010, 2013) екі рет топ жарса, 2011 жылы Қарағанды, 2012 жылы Маңғыстау өңірінің өрендері жеңімпаз атанған болатын. Сонымен қатар, бұл турнир бокстағы жаңа есімдерді ашуда да маңызды рөл атқарып келеді.

Бүгін Алматыдағы басталған турнирдің шымылдығын түрген жекпе-жек кездесулерінде Алматы қаласының құрамасы Павлодар былғары қолғап шеберлерінен 6:4 есебімен басым түсті. Жекпе-жектер нәтижелері төмендегідей:

49 келі: Жандос Дүйсеков (Павл.) – Бағдат Тойлыбаев (Алматы) 0:3
52 келі: Қуаныш Сабыр (Павл.) – Әнуар Мұзапаров (Алматы) 0:3
56 келі: Азат Айғожинов (Павл.) – Хабибулла Ысмаил-Ахунов (Алматы) 2:1
60 келі: Мерей Мұхамеджан (Павл.) – Абылай Хусаинов (Алматы) 0:3
64 келі: Нұрсұлтан Хасанов (Павл.) – Батыржан Жүкембаев (Алматы) 0:3
69 келі: Айдар Ташев (Павл.) – Асхат Уәлиханов (Алматы) 1:2
75 келі: Данат Иманбеков (Павл.) – Бекзат Рысбеков (Алматы) 3:0
81 келі: Шаймұрат Құсайынов (Павл.) – Әліби Нұрматов (Алматы) 0:3
91 келіге дейін: Серік Мұсаділов (Павл.) – Қанат Ескелов (Алматы) 2:1
91 келіден жоғары: Олжас Бұқаев (Павл.) – Қанағат Ахмедов (Алматы) 3:0

Тағы бір айта кететіні, бұл турнирге еліміздің атынан шет елдердегі жарыстарда сынға түсіп жүрген маңдай алды боксшылар да қатысуда. Олдардың қатарында Әлем чемпиондары мен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері де бар. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:astana.gov.kz