Ағылшындық футбол мамандары 2022 жылы өтетін Әлем чемпионаты Катарда емес, АҚШ-та өтуі тиіс деп есептейді.
L'Equipe газетінің жазуынша 2022 жылғы Әлем чемпионатын өткізу құқы Катардан ауысуы мүмкін. Басылымның жазуынша соңғы тексеру жұмыстары 2018 және 2022 жылдары өтетін Әлем чемпионаттарының қожайынын анықтауда жемқорлық іс-әрекеттерге жол берілген. Түрлі себептерге байланысты тексеру жұмыстарының нәтижесі әлі жарыққа шықпаған. Егер жемқорлық іс-әрекеттер анықталып, әшкере болатын болса Катар 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатын өткізу құқынан айрылады.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын ФИФА-ның кезекті отырысында 2022 жылғы Әлем чемпионаты Катарда өтеді деп шешілген болатын. Катармен бірге бәсекеге түскен алпауыт АҚШ-тың өзі мұндай мүмкіндікті жіберіп алған еді.
Британдық БАҚ өкілдері ФИФА-ның бір өкілі 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатының қожайынын анықтау барысында екі миллион доллар көлемінде пара алды деп кінәлаған болатын. Бұл ақпарат негізінде арнайы тексеру тобы құрылып, өз жұмысына кіріскен-ді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: Vk.com