Малайзия елінің астанасы Куала-Лумпурде 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізетін ел анықталды. Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімімен Бейжің ХХІV ақ Олимпиаданың Отаны атанды.
БӨЛІСУ
"Аспан асты елінің" астанасы әлем спорты тарихында қысқы және жазғы Олимпиаданы өткізген жалғыз қала ретінде тарихта қалатын болды. Дауыс берген 84 Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Бейжіңді лайықты деп тауыпты. Дауыс беру қорытындысы бойынша 44:40 есебімен Қытай елінің астанасы жеңіске жетті. Ал бір ХОК мүшесі уақытында өз дауысын беріп үлгермеген.