2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының тұмары таныстырылды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының тұмары таныстырылды

2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының тұмары белгілі болды.

БӨЛІСУ

Франция жерінде өтетін әлемдік доп додасының тұмары ретінде доп теуіп келе жатқан кішкене бала таңдап алынды.

Үстіне Франция құрамасының 16 нөмірлі жейдесін киген кішкене балақай бинеленген тұмар Франция мен Щвеция арасындағы жолдастық кездесуде таныстырылды деп жоспарлануда. Ойын 18 қараша күні Марсель қаласында өтеді.

Тұмар ресми түрде таныстырылғанан кейін оған ат беру үшін байқау жарияланады. Аталған байқау 26-30 қараша аралығында өтеді. Ол үшін ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде арнайы аккаунт ашатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді.

Сурет: sport.niooz.fr