Халықаралық статистика және тарих федерациясы (İFFHS) 2015 жылғы алғашқы тізімін жариялады. Ұйым 2014 жылғы ішкі біріншіліктегі ең нәтижелі 60 ойыншының кестесін жасады.
Чемпионат аяқталғаннан кейін, өткен жыл қорытындысы бойынша екі футболшы әлемнің ең үздік сұрмергені атанды. Португалия құрамасының және мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду мен Уругвай құрамасының және "Барселона" командасының шабуылшысы Луис Суарес 31 голдан соққан. Соңғысы 2013/14 жылғы маусымда ағылшындық "Ливерпуль" командасында доп тепкен болатын.
Бұл тізімде үздік үштікті испаниялық "Реал-Сосьедад" командасының ойыншысы Альфред Финнбогасон түйіндеп тұр. Исландиялық шабуылшы Нидерланды чемпионатында "Херенвен" сапында 29 гол соққан болатын.
Сурет: өңделген