2013 жылдың символикалық құрамына каталондық "Барселона" командасынан төрт футболшы енді. Одан кейін "Бавариядан" үш ойыншы енсе, "ПСЖ" мен "Реалда" екі ойыншыдан бар.
Қақпашы – Мануэль Нойер (Германия, «Бавария»).
Қорғаушылары – Филипп Лам (Германия, «Бавария), Серхио Рамос (Испания, «Реал»), Тиагу Силва (Бразилия, «ПСЖ»), Даниэл Алвес (Бразилия, «Барселона»).
Жартылай қорғаушылар – Андрес Иньеста, Хави (екеуі де – Испания, «Барселона»), Франк Рибери (Германия, «Бавария»).
Шабуылшылар – Криштиану Роналду (Испания, «Реал»), Златан Ибрагимович (Швеция, «ПСЖ»), Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»).
Сонымен қатар:
- Fair Play сыйлығы бұл жолы Ауғанстан футбол федерациясына бұйырды.
- ФИФА "футбол королі" Пелені «құрметті Алтын доп» иегері ретінде марапаттады.
- ФИФА президентінің арнайы сыйлығын экс ХОК президенті Жак Рогге алды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com