Олимпиада – 2022: Алматы қысқы ойындарды өткізуге ресми үміткер атанбақ

Жолдас Өрісбай Корреспондент
Жолдас Өрісбай>
Олимпиада – 2022: Алматы қысқы ойындарды өткізуге ресми үміткер атанбақ

Бүгін, 7 шілде, Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиада Комитетінің (ХОК) кезекті отырысы өтеді. Негізгі мақсаты 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қалаларды ресми жариялау болып табылады. Негізгі үміткерлерді саралау үш күнге жалғасады. Әр күннің сараптамасын ХОК баспасөз хатшысы Марк Адамс тілшілерге хабарлайтын болады. Ортақ жиынның барысында Рио-де-Жанейро қаласында өтілуі жоспарланып жатқан жазғы Олимпиада ойындарына дайындықтың қарқыны жайлы әңгіме талқыға түспек.

БӨЛІСУ

2022 жылғы ойындарға өтініш беру өткен жылдың қараша айында тоқтатылған болатын. Дегенмен, негізгі үміткер деп табылған Еуропаның Краков (Польша), Стогкольм (Швеция) және Львов (Украина) қалалары кенеттен үміткер болудан бас тартты. Осыған орай, Олимпиада ойындарын өткізуге қол қабысы жететін үш үміткер қалды. Олар Бейжің, Осло және Алматы қалалары.

Алдағы үш күнде негізгі үміткер қалалардың тізімі анықталатын болса, олардың Олимпиада ойындарын өткізе алу мүмкіндіктерін тексеретін арнайы сарапшылар тобы қалаларды аралап, өз бағасын беретін болады. 2015 жылдың 31 шілде күні ХОК-тің Куала-Лумпурда өтетін әдеттегі жиынында 2022 жылғы қысқы Оимпиада ойындарының астанасы жарияланады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: mail.ru