![Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем кубогын аяқтады](/userdata/news/news_18840/photo.jpg)
Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері Иран астанасы Тегеранда өткен әлем кубогында жалпыкомандалық есепте 7-орынды қанағат тұтты.
БӨЛІСУ
Жарыстың соңғы белдесулерінде Финляндия құрамасымен күш сынасқан жерлестеріміз 4:4 есебімен тең түсті. Классификациялық ұпай жүйесі бойынша жеңіс 17:15 есебімен Қазақстан құрамасы пайдасына шешілді.
Финалда Ресей құрамасын жеңген жарыс қожайындары жеңімпаз болып танылды. Қола жүлде үшін өткен тартыста Әзірбайжан елінің өкілдері Венгрия балуандарынан мықты екендіктерін дәлелдеді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz