Фристайлдан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында параллельді могулдан әйелдер арасындағы доданың жеңімпаздары белгілі болды. 15 жастағы қазақстандық Анастасия Городко әлемдік сында алғаш рет үздік үштікке енді.
БӨЛІСУ
Анастасия Городко кіші финалда канадалық Софья Гэгнонмен жарысып, қарсыласынан озық шықты. Бұл сайыста ресейлік спортшы қыздардың бағы жанды. Алтын жүлдені Анастасия Смирнова, күмісті отандасы Анастасия Лазаренко иеленді.
Қола медальды иеленген отандасымыз Анастасия Городко фристайл-могулдан Қазақстан командасының үшінші медалін жеңіп алды. Кеше Юлия Галышева күміс, Павел Колмаков қола медаль иеленген еді.