14 мың еуро мен су жаңа автокөлікті Видаль кешірімге берді

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
BAUKENTI ZHAQSYMBET>
14 мың еуро мен су жаңа автокөлікті Видаль кешірімге берді
Фото ©️ www.todayonline.com

Туриндік «Ювентус» пен Чилидің ұлттық құрамасының сапында өнер көрсететін Артуро Видаль кешірім сұрауға кірісті. Өзінің кінәсінен орын алған жол апаты үшін соқтығысқан көліктің иесіне 14 мың еуро мен су жаңа автокөлік ұсынды. Апатқа түскен жігіттің әкесінің айтуы бойынша, бала қатты шошып қалған. Денсаулығына аса ауыр соққы тимеген жүргізуші қазір өз үйінде ем қабылдауда.

БӨЛІСУ

Орын алған жол апатынан кейін Артуро Видаль мен оның жұбайы Мария Тереза Матус дереу ауруханаға жеткізілген болатын. Алайда Видальдің қанынан алкагольді ішімдік табылғаннан кейін дереу Чили құрамасының ойыншысы қамауға алынған. Бүгінде туриндік команданың ойыншысы көлік жүргізу куәлігінен айырылды. Сонымен қатар жол апатына байланысты тергеу жұмыстары әлі жалғасуда.