Бокстан Әлем чемпионаты басталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Бокстан Әлем чемпионаты басталды

14-26 қазан аралығында Алматыда өтетін Әлем чемпионатына 111 елден 457 боксшы қатысады. Бүгін бірінші айналымның алғашқы кездесулері басталады. Қазақстан құрамасы ереже бойынша жарысты өткізуші ел өкілдері ретінде бірінші айналымда демалып, жарысты екінші айналымнан бастайды.

БӨЛІСУ

Алматыда өтетін бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылып, қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары да белгілі болды.

49 келіде Біржан Жақыпов екінші айналымда Кудряков (Украина)-Галанов (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

52 келіде Ілияс Сүлейменов екінші айналымда Молони (Австралия)-Паттиараччи (Шри Ланка) жұбының жеңімпазымен шаршы алаңға шығады.

56 келіде Қайрат Ералиев Лалли (Канада) — Андрейана (Румыния) жұбында жеңіске жеткен боксшымен кездеседі.

60 келіде Берік Абдрахманов бірінші кездесуін де Ла Роса (Пуэрто Рико) — Гогатишвили (Грузия) жұбында жеңіске жеткенмен өткізеді.

64 келіде Мерей Ақшалов Джош Тэйлор (Шотландия) - Акиел Оутром (Тринидад Тобого) жұбында жеңген боксшымен алғашқы кездесуіне шығады.

69 кг Данияр Елеусінов екінші айналымда Хилд (Bахрейн) — Бенсон (Шотландия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

75 келіде Жәнібек Әлімханұлы екінші айналымда (Ямайка) — Мигитинов (Әзірбайжан) жұбымен жұдырықтасады.

81 келіде Әділбек Ниязымбетов Махаржан (Непал)-Хукканнен (Финляндия) жұбында жеңіске жеткен боксшымен шаршы алаңға шықпақ.

91 келіде Антон Пинчук Сцелло (Венгрия) — Абухамада (Марокко) жұбының жеңгенімен алғашқы жекпе жегін өткізеді.

+91 келіде Иван Дычко екінші айналымда Беганович (Черногория) — Бернат (Венгрия) жұбымен жүздеседі.

AIBA енгізген жаңа ереже бойынша Алматыдағы біріншілікте боксшылар шлемсіз жұдырықтасатын болады. Қазақстандық боксшылар рингке 18 қазаннан бастап шығады. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері туралы толық мәліметті мына сілтемеден ала аласыздар.

Естеріңізге сала кететін болсақ, бокстан Әлем чемпионаты екі жылда бір рет өтеді. Келесі 2015 жылғы әлемдік бәсеке Катардың Доха қаласында болады.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz