124 жылдық тарихы бар марафон алғаш рет тоқтатылды

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Тұрсынбек Раушанұлы>
124 жылдық тарихы бар марафон алғаш рет тоқтатылды
Фото ©️ mybestruns.com

Әлемдегі ең беделді және тарихы бай марафондардың бірі Бостон марафоны коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды. Бұл марафонның 124 жылдық тарихындағы алғашқы жағдай.

БӨЛІСУ

"Біздің басты міндетіміз – қоғамның, қызметкерлердің, қатысушылардың, еріктілердің, көрермендер мен жанкүйерлердің денсаулығын сақтау", – деді марафонның атқарушы директоры Том Грилк.

Бастапқыда биылғы марафон 20 сәуірде өткізілуі керек еді, бірақ кейіннен оны 14 қыркүйекке ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Марафонға қатысатындар толықтай ақшасын қайтарып алады. Сонымен қатар, кез келген адам марафонның виртуал нұсқасына қатыса алады. Ол үшін сіз марафондағы белгіленген қашықтықты жүгіріп өтіп, оған дәлел ретінде нәтижеңізді көрсетесіз. Виртуал марафонға қатысатын барлық спортшыларға ресми Бостон марафоны бағдарламасы, қатысушы футболкасы және медаль беріледі.

Айта кетейік, Бостон марафоны алғаш рет 1897 жылы өтті. 2013 жылғы марафон кезінде терракт орын алып 3 адам қаза тапты, 282 қатысушы жарақат алды.