Рамазан Оразов 1 сағат ойнаған матчта командасы жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Рамазан Оразов 1 сағат ойнаған матчта командасы жеңіске жетті
Фото ©️ ©instagram.com/silkeborgif_officiel

"Силькеборг" командасы Дания чемпионатының жаңа маусымын жеңіспен бастады. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов команда сапында негізгі құрамда алаңға шықты.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы матчта 63 минут ойнады. Бір рет қақпаға соққы бағыттап, 19 пас берді (оның 17-і дәл болды). 31 рет допты алып жүрді және 5 рет допқа таласты. 

"Силькеборг" 76-минутта Пелле Маттсон соққан голдың нәтижесінде жеңіске жетті. Келесі ойынын 25 шілде күні Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында "Мольдеге" (Норвегия) қарсы өткізеді.

Рамазан Оразов "Силькеборг" сапына маусым айында ауысып барған болатын. Ол Дания Суперлигасында ойнаған алғашқы қазақ футболшысы атанды.