"Ордабасының" еурокубоктағы келесі қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Ордабасының" еурокубоктағы келесі қарсыласы анықталды
Фото ©️ instagram.com/cspetrocub

Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы Чемпиондар лигасын бірінші іріктеу кезеңде аяқтады. Екі ойын қорытындысы бойынша Молдованың "Петрокуб" командасына жол берді. 

БӨЛІСУ

Қарымта ойында молдовалық команда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Шымкенттегі бірінші ойын 0:0 есебімен аяқталған. Нәтижесінде "Ордабасы" жарысты ерте аяқтап, еурокубок жолындағы жорығын Конференция лигасында жалғастыратын болды. 

Қазақстандық клубқа Конференция лигасында Люксембургтің "Дифферданж" командасы қарсылас атанды. Бірінші ойын 25 шілде күні сырт алаңда, қарымта ойын 1 тамыз күні Шымкентте өтеді. 

"Ордабасыны" жарыс жолынан шығарған "Петрокуб" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің АПОЭЛ командасымен кездеседі.