Асу Алмабаев UFC рейтингінде үздіктер қатарына қосылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Асу Алмабаев UFC рейтингінде үздіктер қатарына қосылды
Фото ©️ sportilinet.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев жаңарған UFC рейтингінде үздіктер қатарына қосылып, жеңілірек салмақ дәрежесінде 15-орынға көтерілді. 

БӨЛІСУ

Қазақстандық спортшы 15-орынды қытайлық Су Мудаерджимен бөлісіп тұр. Ал 14-орынға бұрын рейтингте болмаған Коди Дарден мен Давид Дворак көтерілген. 

Асу UFC ұйымдастырған үш турнирге қатысып, үшеуінде де жеңіске жетті. Бұл оның үздіктер қатарына қосылуына жол ашты. 

Қазақстандық спортшы соңғы рет UFC Vegas 93 турнирінде Хосе Джонсонмен шайқасты. Жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылып, отандасымыз төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.