Жәнібектің салмағы қанша артық болды?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жәнібектің салмағы қанша артық болды?
Фото ©️ Janibek Alimkhanuly team

Инсайдер Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының қанша салмақ артық шыққанын хабарлады. Жәнбек шамамен 162 фунт болған  (73 кг, 482 г).

БӨЛІСУ

Ресми салмақ өлшеуде оның салмағы 160 фунттан (73 кг 482 грамм) аспауы керек еді. Оған 908 грамм салмақ қуу керек болған.

Рафаэль және өзге де дереккөздер хабарлағандай, Жәнібек бақ сынайтын Top Rank промоутерлік компаниясы қарсыласы Андрей Михайловичке гонорарының жартысын (100 мың доллар шамасы) төлейтін болады. Сондай-ақ ол жарыстағы арнайы қонақ болады.

Әлімханұлы мен Михайлович жекпе-жегі жаңа уақытқа ауыса ма, әлде қазақстандық боксшы атағынан айырыла ма, бұл алдағы күндері белгілі болмақ.