Аргентина Америка кубогының финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Аргентина Америка кубогының финалына шықты
Фото ©️ thehindu.com

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы 2024 жылғы Америка кубогының финалына шықты. Олар жартылай финалда Канада құрамасын 2:0 есебімен ұтты. 

БӨЛІСУ

Ойында Аргентина құрамасы сапында Хулиан Альварес (23 минут) пен Лионель Месси (51-минут) гол соқты. Нәтижесінде Лиоенль Скалони командасы бірінші болып финалға шықты. 

Аргентинаның финалдағы қарсыласы бүгін түнде өтетін Уругвай мен Колумбия құрамалары арасындағы ойында анықталады. 

Америка кубогының соңғы жеңімпаздары да осы Аргентина құрамасы. Олар 2021 жылы финалда Бразилияны ұтып, чемпион атанған еді.