Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны әуесқой боксқа оралады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны әуесқой боксқа оралады
Фото ©️ olympic.kz. Владислав Семёнов©

Қазақстан танымал боксшы Абылайхан Жүсіпов әуесқой боксқа оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде хабарлады. 

БӨЛІСУ

«Мен, Абылайхан Жүсіпов, Олимпиада ойындарынан кейін екі жыл бойы кәсіпқой бокста тәжірибе жинақтадым және Бокс федерациясы мен Қарағанды ​​облысы спорт басқармасының шақыртуымен және қолдауымен әуесқой боксқа ораламын. Өз тәжірибеммен туған жерім – Қарағандының өсіп келе жатқан боксшыларына үлгі болып, алға ұмтылуға шақырамын деп ойлаймын. Қарағанды ​​облысынан Олимпиада ойындарының көптеген қатысушысы мен чемпионы шығатынына сенімдімін. Қарсыластар, дайындалыңдар, мен өзімді көрсетуге дайынмын», – деп жазды Абылайхан.

Айта кетейік, 27 жастағы Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатында үш рет қола жүлде (2017, 2019, 2021 жылдары) жеңіп алған болатын. Ұлттық құрама капитаны да болды. 

Ал кәсіпқой рингте ол төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның үшеуінде қарсыласын нокаутқа түсірді.