Юлия Путинцева Уимблдонның төртінші айналымындағы қарсыласына төтеп бере алмады

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Юлия Путинцева Уимблдонның төртінші айналымындағы қарсыласына төтеп бере алмады
Фото ©️ instagram.com/wta

Қазақстандық теннисші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Юлия Путинцева төртінші айналымда латвиялық теннисші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Остапенкомен кездесті.

Қазақстан теннисші қарсыласынан екі сетте 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Бұған дейін Путинцева әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекті үш сетте ұтып, сенсация жасаған еді.

Еске салайық, Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шыққанын жазған едік. Енді ол жарыстың жартылай финалына шығу үшін украиналық Элина Свитолинамен таласады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз