Қазақ балуаны 3 жылға спорттан шеттетілді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ балуаны 3 жылға спорттан шеттетілді
Фото ©️ olympic.kz

Еркін күрес шебері Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы Допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Қазақстан чемпионатында Талғат Сырбаздың сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылған еді. Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.

Айта кетейік, Талғат Сырбаз 2021 жылы Азия чемпионы атанған балуан.