Месси де пенальтиден мүлт кетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Месси де пенальтиден мүлт кетті
Фото ©️ championat.com

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы Америка кубогының жартылай финалына шықты. Эквадорға қарсы ойында олар 1:1 есебімен тең ойнады. 

БӨЛІСУ

Хьюстонда өткен ойында бірінші болып 35-минутта Лисандро Мартинес гол соқты. Алайда ойын аяқталар тұста эквадорлық Кевин Родригес есепті теңестірді. Нәтижесінде жеңімпаз ойын соңындағы пенальти сериясында анықталды. 

Бірінші болып тепкен Лионель Месси паненка стиліндегі пенальтиді орындай алмады. Дегенмен Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинес пенальти қайтаруда қырағылық танытты. Аргентина 4:2 есебімен басым болып, жартылай финалға жолдама алды. 

Айта кетейік, Америка кубогының соңғы жеңімпаздары да осы Аргентина құрамасы.