Кәсіпқой бокстағы қазақ қызы чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Кәсіпқой бокстағы қазақ қызы чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады
Фото ©️ ©instagram.com/muzdi___/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Балауса Мұздиманның келесі қарсыласы белгілі болды. Ол жеңілірек салмақта (55 кило) WBA Asia чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. 

БӨЛІСУ

Бокс кеші 25 шілде күні Бангкокта (Тайланд) өтеді. Балаусаның қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ulya | Boxing Promoter (@milaulya_)

Балауса соңғы рет 1 маусым күні Алматыда жекпе-жек өткізді. Үнді қызы Моника Сингхты 45 секундта жеңіп шықты. Нәтижесінде BoxRec рейтингінде 115-орыннан 95-ке көтерілді.