Қазақстанның бірінші ракеткасы Уимблдонның алғашқы айналымында камбэк жасады

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Қазақстанның бірінші ракеткасы Уимблдонның алғашқы айналымында камбэк жасады
Фото ©️ Antoine Couvercelle / Panoramic

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Бублик алғашқы айналымда чехиялық теннисші, әлемнің 78-ракеткасы Якуб Меньшикпен кездесті. Қазақстандық спортшы тартысты бәсекеде қарсыласынан алғашқы екі сетте жеңіліп тұрып, кейінгі екі сетте есепті теңестірді. Соңғы партияда айқын басымдықпен матчты түйіндеді. Есеп 4:6, 6:7(2), 6:4, 6:4, 6:2.

Александр 3,5 сағатқа созылған матч кезінде 32 эйс жасады және алты рет допты ойынға бере алмады. 23 брейк-пойнттың тек үшеуін сәтті пайдаланды.

Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко әлемнің 16-ракеткасына 1:6, 6:4, 6:7(2), 7:6(3), 1:6 есебімен есе жіберді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз