Рыбакинаның басты қарсыласы "Уимблдон" жарысына қатысудан бас тартты

О Сансызбай Корреспондент
Рыбакинаның басты қарсыласы "Уимблдон" жарысына қатысудан бас тартты
Фото ©️ championat.com

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко "Үлкен дулыға" санатына енетін "Уимблдон" жарысына қатыспайтын болды. Оның иығынан алған жарақаты жазылмаған.

БӨЛІСУ

Арина WTA рейтингінде 3-орында тұрған теннисші. Қазақстандық Елена Рыбакинаның басты қарсыластарының бірі және осы жарыстағы фавориттер санатында болатын. 

Бұған дейін теннисші күнтізбесінің тығыз болуы мен корт төсенішінің қиындығына байланысты Париж Олимпиадасына қатысудан да бас тартқан еді.