Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне қатысты сұраққа жауап берді

О Сансызбай Корреспондент
Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне қатысты сұраққа жауап берді
Фото ©️ GGG Team

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ҚР ҰОК тізгінін ұстағанына 4-5 айдың жүзі болды. Осы аралықта боксшының кәсіби мансабына қатысты түрлі сұрақтар туындады. Жақында ғана boxingscene.com сайтына берген сұхбатында боксшы қандай жағдайда рингке оралуы мүмкін екенін айтып берді.

БӨЛІСУ

Мен ешқашан спорттан кететінім туралы ақпарат жариялаған емеспін және бәрін шулатып, мәлімдеме жасау менің болмысымда жоқ. Уақыт көрсетеді. Қазір менің өз міндеттерім бар, өз ісімді жақсы көремін. Сонымен қатар, мен үшін өмір деген үздіксіз қозғалыс. Егер маған біреу жекпе-жекте қарсылас болғысы келетінін айтып, «ұсыныс» тастаса, әрі мен бұл мүмкіндіктің өз бағытым мен жолымды өзгертер тұсын байқасам, ойланбастан мұндай ұсынысты қабылдайтыным анық. Сондықтан алдағы уақытта менің қатысуыммен болатын тағы бір жекпе-жекке куә боласыздар деп сенемін, - деді боксшы.

GGG соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль Альвареспен жұдырықтасқан еді.