Қазақстандық жас классик балуандар Азия чемпионатының үздігі атанды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық жас классик балуандар Азия чемпионатының үздігі атанды
Фото ©️ olympic.kz

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық "классиктер" үздік атанды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.

БӨЛІСУ

23 жасқа дейінгі балуандар бәсекесінде біздің спортшылар үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль иеленді. 

Ербол Қамалиев (55 кило), Нұрсұлтан Базарбаев (63 кило) және Мерей Мәулітханов (72 кило) өз салмақтарында топ жарды. 

Диас Әскебай, Расул Жүніс, Әлмир Төлебаев пен Мақсат Сайлау жарысты күміспен аяқтады. 

Ал Бақдәулет Азамат пен Асылбек Жәнібекұлының еншісінде қола жүлде бар.