![Еуро-2024: Данияны ұтқан Германия 1/4 финалға өтті](/userdata/news/news_110641/image_l.jpg)
Футболдан Германия құрамасы өз жерінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатының ширек финалына өтті.
БӨЛІСУ
1/8 финалда Юлиан Нагельсман жаттықтыратын команда Данияны 2:0 есебімен ұтты.
Кай Хаверц 53-минутта пенальтиден гол салды. 11-метрлік айып добы VAR жүесінің көмегімен Йоаким Андерсеннің қолымен ойнағанына байланысты тағайындалды.
68-минутта Нико Шлоттербек шығарған пастан Джамаль Мусиала Дания қақпасына допты дәл бағыттады.