"Қайрат" жасөспірімдері ПСЖ командасымен бір топқа түсті

О Сансызбай Корреспондент
"Қайрат" жасөспірімдері ПСЖ командасымен бір топқа түсті
Фото ©️ fckairat.com

"Қайрат" U-17 командасының Гельвеция халықаралық кубогындағы қарсыластары анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz cайты.  

БӨЛІСУ

Швейцарияның Санкт-Галлен қаласында 8-11 тамыз аралығында өтетін турнирдің жеребесі тартылып, алматылық команда жасөспірімдері "А" тобына түсті. 2008 жылғы жасөспірімдер арасындағы бұл топта ПСЖ (Франция), "Винтертур" (Швейцария), "Санкт-Галлен" (Швейцария) және "Дейнзе" (Бельгия) командаларының өрендері ойнайды. 

"Қайрат" жасөспірімдері жарыстағы алғашқы ойынын 9 тамыз күні турнир қожайындары "Санкт-Галленге» қарсы өткізеді. Қалған матчтардың күнтізбесі жақын арада белгілі болады.