Мұхтархан Ділдәбеков пен Алексис Рубалькаба 24 жылдан кейін рингте қайта кездесті

О Сансызбай Корреспондент
Мұхтархан Ділдәбеков пен Алексис Рубалькаба 24 жылдан кейін рингте қайта кездесті
Фото ©️ 1bol.kz

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков пен кубалық Алексис Рубалькаба 24 жылдан кейін рингте қайта кездесті. Бұл жолы екеуі рингте тек қол алысып, жас боксшыларға ақыл-кеңес айтумен шектелді.

БӨЛІСУ

Куба қабыланы Шымкентте өтіп жатқан М. Ділдәбеков атындағы халықаралық турнирге құрметті қонақ ретінде шақырылған. Ол жергілікті жас боксшыларға шеберлік класын өткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Альбина Елшиева (@albina_elchieva)

Алексис Рубалькаба – тоқсаныншы жылдар ортасында аты шыққан кубалық белгілі боксшы. Мұхтархан екеуі Сидней Олимпиадасының ширек финалында жұдырықтасты. Тәжірибелі қарсыласқа қарсы жекпе-жекте жеңіске жеткен еді.