Семсерлесуден Қазақстан командасы Азия чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Семсерлесуден Қазақстан командасы Азия чемпионы атанды
Фото ©️ olympic.kz

Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны алтын жүлдемен толықты,–  деп хабарлайды ҚР ҰОК.

БӨЛІСУ

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионы атанды. Олар жарыс финалында Олимпиада чемпионы саналатын Жапония құрамасын тізе бүктірді. Сондай-ақ турнир барысында Қатар, Қырғызстан, Гонконг құрамаларынан басым түсті. 

Шпагадан командалық сында Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов, Руслан Құрбанов пен Вадим Шарлаимовтар сынға түсті. Аталған төрттік  Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.