Месси рекорд жасаған ойында Аргентина құрамасы жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
Месси рекорд жасаған ойында Аргентина құрамасы жеңіске жетті
Фото ©️ @USA TODAY Sports

Футболдан Америка кубогы жарысы басталды. Доп додасының бірінші ойынында Аргентина Канаданы 2:0 есебімен ұтты. Ал Лионель Месси кезекті рекордын тіркеді. 

БӨЛІСУ

Атлантада өткен ойында Месси Америка кубогындағы 35-матчына қатысты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ жеті бірдей Америка кубогына қатысқан алғашқы аргентиналық футболшы мәртебесіне де ие болды. 

Ойында Аргентина құрамасы сапында Хулиан Альварес пен Лаутаро Мартинес гол соқты. Месси бір нәтижелі пас авторы атанды. 

Месси бастаған құрама ойыншылары келесі турда Чилимен ойнайды. Кездесу 26 маусымға жоспарланған. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!