Юлия Путинцева Бирмингемдегі турнирдің екінші кезеңіне шықты

Мира Лұқпан Корреспондент
Юлия Путинцева Бирмингемдегі турнирдің екінші кезеңіне шықты
Фото ©️ Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингемде өтіп жатқан WTA 250 турнирінің екінші кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Юлия Путинцева бірінші айналымдағы матчында франциялық теннисші, әлемнің 43-ракеткасы Клара Бюрелді екі сетте 6:3, 6:4 есебімен ұтты. 

Путинцева матч кезінде бір эйс жасап, бірде-бір қос қате жібермеді және жеті брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы кейінірек анықталады.

Еске салайық, бұған дейін Александр Бублик Германиядағы былтыр чемпион атанған турнирді сәтті бастағанын жазған едік. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!