"Тобылға" Словакия елінің командасы қарсылас атанды

О Сансызбай Корреспондент
"Тобылға" Словакия елінің командасы қарсылас атанды
Фото ©️ "Тобыл" ФК

Қостанайдың "Тобыл" командасына Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Словакияның "Ружемберок" клубы қарсылас атанды.

БӨЛІСУ

Бірінші ойын сырт алаңда, қарымта кездесу Қазақстанда өтеді. Алғашқы ойын 11 шілде күні өтсе, қарымта ойын 18 шілдеге жоспарланған.

Ал "Астана" командасы іріктеуді екінші кезеңнен бастайды.

Айта кетейік, осыған дейін Чемпиондар лигасында алғаш рет қатысатын "Ордабасының" да қарсыласы белгілі болған еді.