"Ордабасының" Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Ордабасының" Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

"Ордабасы" футбол клубының Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды. Шымкенттік команда Молдованың "Петрокуб" командасымен ойнайды.

БӨЛІСУ

Бірінші ойын Шымкентте өтеді. Қарымта кездесу сырт алаңда болады.

Бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындар 9/10 шілдеде, қарымта кездесу 16/17 шілдеге жоспарланған. 

"Петрокуб" клубы 1999 жылы құрылған. Хынчешты қаласының командасы. 2015 жылдан бері Молдованың Супер лигасында ойнайды.

Шымкенттік команданың трансферлік құны қарсыласынан екі есе қымбат.

"Ордабасы" – 11,63 млн еуро
"Петрокуб" – 5,68 млн еуро

Молдовалық команда да Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысуда. 7 жылдан бері бірінші орын алып келген "Шерифті" тағынан тайдырған клуб.

Өткен маусымда чемпиондық атақпен қатар Молдова кубогын да иеленген.

Ертең өтетін жеребеде екінші раундқа шықса, қандай клубпен ойнайтыны анықталады.

"Ордабасы" өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасы жарысына қатысады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!